Үкіметкен қарсы шыққан шерушілерді жазалау үшін Беларуссияның полициясына адам өлтіретін қаруларды қолдануға рұқсат берілді. "Мұны жергілікті үкіметтің жоғары лауазымды адамы растады" деп хабарлайды BBC, деп жазады qamshy.kz порталы.
ЕО сыртқы істер министрлері президент Александр Лукашенкоға санкциялар салуға дайын екендіктерін мәлімдеді.
Беларуссиядағы болған тамыздағы сайлау әділетсіз өтті деп танылған соң елде жаппай наразылық басталды.
"Беларуссия билігі наразылықты басу кезінде қатыгездік пен азаптау қолданды" деп айыпталды.
Дүйсенбіде елдің ішкі істер министрлігі зейнет жасындағы наразылық білдірушілер қатысқан рұқсат етілмеген митингі кезінде полицияның гранаталар мен көзден жас ағызатын газдар атқанын растады.
Баспасөз хатшысы "азаматтар агрессия жасай бастағаннан" кейін шара қолданылғанын айтты және демонстранттардың қамауға алынғаны хабарланды.
Батыс елдері Беларусьтегі президент сайлауының қорытындысын мойындаған жоқ. Ресей сайлаудың заңды өткенін айтып, "жағдай ушығып кетсе, Лукашенкоға көмектесуге" уәде берген.