$ 494.87  520.65  4.91

АҚШ-тағы сайлау: Трамптың тағдырын соңғы тоғыз штат шешпек

Дәл қазір штаттардағы 538 сайлаушының 224-і Байденді, 213-і Трампты қолдап шықты.
Фото: euronews.com
Фото: euronews.com

Америка Құрама Штаттарындағы президент сайлауының ресми күні аяқталып, дауыс саны саналуда. Елдің шығыс және батыс өңіріндегі штаттарда демократтардың үміткері Жо Байден алға шықты, деп хабарлайды The Qazaq Times

Осыдан екі сағат бұрын Жо Байден АҚШ-тағы 538 сайлаушының 208-інен қолдау алып, Трамптан оқ бойы озып шыққан болатын.

Алайда, Техас пен Оңтүстік Каролина штаттарындағы дауыс беру нәтижесі жария болғаннан кейін Трамп парықты қысқартты. Дәл қазір штаттардағы 538 сайлаушының 224-і Байденді, 213-і Трампты қолдап шықты. Трамптың жеңіске жеткен штаттар саны көп болғанымен, сайлаушылар мен тұрғындар саны жағынан қазірше Байден жеңіске жеткен 19 штат басым тұр.

Әлі де дауыс беру нәтижесі анық болмаған Пенсильвания, Мичиган, Висконсин, Солтүстік Калорина, Джорджия, Аляска, Мэн, Аризона, Невада  штаттары қалды. Бұлардың арасында Аризона мен Нвада штаттарында ғана Байденнің бәсі басым. Өзге ірі штаттарда Трамп алда келе жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары