05.11.2020, 17:00

Ақ үй Джо Байденді қарсы алуға дайындалып жатыр

Фото: kommersant.ru
АҚШ-тың жетекші телеарналарының есептеулеріне сәйкес, Байден көш бастап келеді, енді жеңіске жету үшін алты сайлаушының дауысын алу керек.

АҚШ демократиялық партиясынан президенттік таққа үміткер Джозеф Байден 270 сайлаушының қажетті дауысын әлі жинамағанына қарамастан, Ақ үйде оны қарсы алуға арналған «уақытша веб-сайт» іске қосылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі eadaily.com порталына сілтеме жасап.

«Америка халқы АҚШ-тың келесі президенті кім болатынын анықтайды. Елдің бірнеше штатында дауыстарды санау әлі де жалғасуда. Елдегі дағдарыс қиын, пандемиядан – экономикалық құлдырауға, климаттың өзгеруінен – нәсілдік әділетсіздікке дейін әкелуі мүмкін, сондықтан өтпелі топ Байден-Харрис әкімшілігі бірінші күні жұмысқа кірісуі үшін толық дайындықты жалғастырады», — делінген сайттағы хабарламада.

Бұған дейін CNN кем дегенде 150 адам, оның ішінде АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп әкімшілігінің жоғары лауазымды қызметкерлері сайлауда жеңіске жеткен жағдайда, демократиялық кандидат Джозеф Байденге билік беруді дайындауға қатысады деп мәлімдеді.

Бірнеше штатта дауыс беру нәтижелері әлі белгісіз. Трамп сәрсенбіге қараған түні өзінің жеңісін жариялады және демократтарды «сайлауды ұрлауға» тырысты деп айыптады. Қазіргі президенттің штабы дауыстарды қайта санауды талап етуге ниетті.

АҚШ-тың жетекші телеарналарының есептеулеріне сәйкес, Байден көш бастап келеді, енді жеңіске жету үшін алты сайлаушының дауысын алу керек.