06.11.2020, 14:40

Ресейде бір тәулікте 20 мың адам коронавирус жұқтырған

Фото: rbc.ru
Көз жұмғандардың саны 378-ге жетті.

Ресейде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 20 582 адамға жетті. Бұл – пандемия басталғалы тіркелген елдегі ең жоғары көрсеткіш. РФ-да індетке шалдыққандардың жалпы саны 1 733 440 адамға жеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат, ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Коронавируспен күрес жөніндегі жедел штабтың мәліметі бойынша өсім 1,2%-ға артқан.

Бір тәулікте жазылып шыққан ресейліктердің саны 16 955 адамға жетті. Елде жалпы 1 296 124 пациент сауығып шыққан. Бұл барлық вирусқа шалдыққандардың 74,8%-ын құрайды.

Ресейде коронавирустан бір тәулікте 378 адам көз жұмған. Инфекциядан жалпы 29 887 пациент қайтыс болған.