Әлем 12.11.2020 сағат 10:40

Трамп өзінің жеңілісін мойындамай отыр

Трамп Байден өзін ерте президент деп жариялап қойды деп санайды.
Трамп өзінің жеңілісін мойындамай отыр
фото: dw.com
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамптың бірнеше кеңесшісі ол барлық дауыстарды түпкілікті санағаннан кейін де жеңілгенін мойындаудан бас тартады деп санайды. Бұл туралы жағдаймен таныс дереккөздерге сілтеме жасаған NBC News арнасы хабарлады, деп жазады adyrna.kz сайты.

Ақпарат көзінде:

“Ол жеңілгенін мойындайды деп күтпей-ақ қою керек. “Біз нәтижеге сене алмаймыз және келіспейміз” дегендей бірнәрсе айтуы мүмкін”, - деп айтылған.

Телеарнаның хабарлауынша, Трамптың кейбір кеңесшілері оның мүмкін болатын жеңісіне әлі де сенеді және оның күресу әрекеттерін қолдай береді. Әйтсе де, олардың саны біртіндеп азайып та келеді екен. Оның кейбір көмекшілері ол сайлау нәтижелерін өзгерте алмайтынын біртіндеп түсінеді деп санайды.

Трамптың көптеген жақтастары оны одан әрі қарай әрекет ету үшін көп жұмыс істеп жатқан көрінеді. Атап айтқанда, олар оның Республикалық партиядағы ықпалын күшейту үшін Джорджия Сенатына екінші сайлауға қатысуға үгіттеуде.

Бұған дейін АҚШ-тың Бас прокуроры Уильям Барр сайлаудағы алаяқтық туралы хабарламаны тексеруге шешім қабылдаған болатын. Мемлекеттер барлық процедураларды, соның ішінде қайта санау мен нәтижелер бойынша сот ісін, 8 желтоқсанға дейін шешуі керек. Сайлау алқасының мүшелері 14 желтоқсандағы кездесу барысында есеп береді.

Байден өзін 7 қарашада Америка Құрама Штаттарының президенті деп жариялады. Әртүрлі деректер бойынша, ол талап етілген 270 дауыстан асырып, 273-тен 290-қа дейін дауыс алды. Ал Трамп Байден өзін ерте президент деп жариялап қойды деп санайды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар