Трамп Ақ үйде америкалық журналистердің алдында шығып сөйлеген сөзінде алдағы уақытта АҚШ-тың президенті ол емес, оның қарсыласы демократ Джо Байден болатынын меңзеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сондай-ақ, ол Ақ үй пандемияға байланысты жабылмайтынын атап өтті.
"Қазіргі Америка әкімшілігі жабылмайды. Алдағы уақытта болашақ әкімшілік қандай шешім шығаратынын білмеймін, бірақ біз қазір жабылмаймыз", - деді Трамп.
Айта кетейік, АҚШ-та болған сайлауда демократ Джо Байден жеңіске жеткен еді.