$ 448.89  477.93  4.76

Трамп Байденді Ақ үйде қарсы алудан бас тартып жатыр

Оның орнына Флоридада жақтастарының алдында ауқымды митинг өткізеді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

АҚШ-тың қазіргі президенті республикашыл Дональд Трамп 20 қаңтарда демократ Джозеф Байденнің инаугурациясы өткен күні Ақ үйден тікұшақпен ұшуды, содан кейін Флоридаға ұшақпен баруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Axios порталының дереккөздеріне сәйкес, Трамп Байденді Ақ үйде қарсы алмайды және инаугурацияға қатыспайды. Оның орнына Флоридада жақтастарының алдында ауқымды митинг өткізеді, онда ол 2024 жылғы президенттік сайлауға қатысатынын жариялайды.

Басылымның пайымдауынша, Трамп бұрыннан «теледидар жұлдызы» болғандықтан, әлеуметтік қашықтық нормаларын сақтай отырып, Вашингтондағы жаңа президенттің ант беру рәсімі кезінде көрермендердің назарын аударатын жағдай туғызбақшы.

Трамптың мұндай жоспарлары туралы Ақ үй ресми тұрде әлі растаған жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары