16 желтоқсаннан бастап Германияда локдаун режимі енгізілетін болды. Бұл туралы ақпарат Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысының шұғыл ресми Telegram каналында жарияланды.
Күшіне енетін шектеу шаралары: - Дүкендер 10 қаңтарға дейін жабық болуы керек (бірінші кезекте қажетті тауарлар - сатылатын дүкендерді қоспағанда) - Рождество мерекесінде 2 отбасыдан 5 адамнан артық емес жиналуға болмайды. 10 адамға дейін тек жақын туыстар ғана жинала алады. Жаңа жыл мерекесі күндері шектеу шаралары жеңілдетілмейді; - Мектептер жабық болады немесе еркін қатысу енгізіледі; - Шіркеу қызметтеріне тыйым салынбайды, бірақ шіркеу ішінде 1,5 метр арақашықтықты сақтау керек және міндетті түрде бетперде тағу керек; - Шаштараздар мен сұлулық студияларының қызметіне тыйым салынады; - Қоғамдық орындарда алкогольді ішімдіктерді ішуге тыйым салынады, тамақтану орындарын үшін тек өзімен алып кетуге және жеткізу қызметінің жұмыс істеуіне рұқсат етіледі; - Германияға шетелден келушілер елге коронавирусқа қарсы теріс сынамасының қорытындысымен және 5 күндік оқшауланудан кейін ғана кіруіне болады.