Нигерияда әскерилер бірнеше күннен бері мектепке шабуыл жасалды. Полиция соның салдарынан із-түзсіз жоғалып кеткен 400-ге жуық оқушыны іздестіріп жатыр. Оқиға жұма күні елдің солтүстігіндегі Кацина штатының Канкара қаласында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.
Мотоцикл мінген қарашылар балалар ұйықтап жатқанда оқ жаудырып, мектеп ғимаратына баса көктеп кірген. Полиция бөлімшелері қылмыскерлердің ізіне түсіп 200 оқушыны құтқарып үлгерген. Олардың кейбірі қашып құтылған. Кейін балаларды құтқару операциясына әскери күш қосылды.
Кәмелетке толмағандарды Нигерияның солтүстік-батысындағы қарулы заңсыз топ құн төлеп босату мақсатында ұрлап әкетті деген болжам бар. Билік мектеп оқушыларын тезірек босату үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға уәде берді.
Еске сала кетейік, 2014 жылы сәуірде радикал «Боко Харам» тобының мүшелері Борно штатының солтүстік-шығысындағы Чибок қаласындағы мектеп жатақханасынан 276 қызды ұрлап кеткен. Шамамен 100-ге жуық қыздың қайда екені әлі белгісіз.