$ 498.34  519.72  4.85

«Коронавирустан тағы 200 мың адам көз жұмуы мүмкін» - Билл Гейтс

Кәсіпкердің пікірінше, алдағы 4-6 айда күрделі кезең күтіп тұр.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс АҚШ-та өзін-өзі оқшаулау режимі 2022 жылға дейін созылуы мүмкін деп болжайды, деп хабарлайды 24kz Daily Mail дерегіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Гейтс COVID-19 пандемиясынан болған дағдарыстың салдары жайлы сауалға жауап беру кезінде айтты. Кәсіпкердің пікірінше, алдағы 4-6 айда күрделі кезең күтіп тұр. Ол коронавируспен күресте қатаң режимді қолдап, өзін-өзі оқшаулауды және дәмханалар мен мейрамханалардың жұмысына шектеу қоюды дұрыс деп санайтынын айтты. 

«Болжам бойынша, коронавирустан тағы 200 мың адам көз жұмуы мүмкін. Бетперделер киіп, арақашықтықты сақтағанда, адам шығынын азайтуға болар еді», – дейді Гейтс. 

Бизнесменнің ойынша, жағдай жаппай вакцинациялаудан кейін араға уақыт салып тұрақтала бастайды. Яғни 2021 жылдың жазына таман деп отыр. Бірақ коронавирусты жұқтыру қаупі 2022 жылға дейін жоғары болады дегенді алға тартады.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары