21.12.2020, 11:20

Достарының әзілінің кесірінен ер адам туған күнінде ажал құшты

Фото: ашық дереккөз
Оны құтқару үшін катерді тоқтатуға тура келген.

Ұлыбритания азаматы Саймон Холдер достарының сәтсіз әзілінен көз жұмды, деп хабарлады Daily Star.

Ер адам туған күнін катерде тойлаған. Масаң күйге түскен құрдастары қызық үшін оны суға лақтырған. Саймон судан сүңгіп шығып, катерге мінуге тырысып жатқанда, оның аяғын айналып тұрған винт іліп кетеді. Оны құтқару үшін катерді тоқтатуға тура келген.

Ауыр жарақат алған Холдер шұғыл ауруханаға жеткізілген. Бірақ дәрігерлер ер адамды аман алып қала алмады. Жарақат салдарынан көп қан кеткендіктен, ол көз жұмды.

Полиция қайғылы оқиға бойынша тергеу шараларын жүргізіп, "ер адам жазатайым оқиғаның нәтижесінде қайтыс болды" деген шешімге келген.

Тегтер: туған күн