$ 494.87  520.65  4.91

«Ресейді үлкен жаза күтіп тұр» - Байден командасы

АҚШ-тағы президент сайлауында жеңген Джо Байден қаңтар айында қызметіне кіріскеннен кейін "кибершабуылдар үшін" Ресейді жазалау амалдарын қарастырады. Байден әкімшілігінің жетекшісі қызметіне тағайындалатын Рон Клайнның сөзінше, мәселе "шетелден шабуыл жасау мүмкіндігін азайтатын шаралар" жайында болып отыр.
фото: vedomosti.ru
фото: vedomosti.ru

АҚШ сенатының екі өкілі (бірі - республикашыл, бірі - демократ) Дональд Трамп әкімшілігін үкімет мекемелеріне жиілеген кибершабуылдарға қатысты шара қолдануға шақырды, деп жазады Азаттық.

Америка арнайы қызметі мен мемлекеттік департаменті кибершабуылдарды Кремльмен байланысты ресейлік хакерлер ұйымдастырды деп санайды.

АҚШ билігі хакерлік шабуылдар салдарынан кемінде алты ведомствоның желісі бүлінді деп отыр. "Америка дауысы" сайтының жазуынша, шабуыл кезінде мыңнан астам компанияға зиянкес кодтар тараған.

Президент Дональд Трамп кибершабуылдарды баспасөз тым ұлғайтып көрсетті деп санайды. Трамп шабуылдардың артында Ресей тұр деген болжамға да күмән келтіреді. Оның пікірінше, шабуылдарға Қытайдың қатысы болуы мүмкін.

Трампты ашық сынап жүрген республикашыл-сенатор Митт Ромни шабуылдың федералдық үкіметке орасан шығын келтіргенін айтып, президент Дональд Трамптың Ресейге қатысты "жұмсақ саясатын" сынады.

Сенаттың барлау жөніндегі комитет өкілі Марк Уорнердің айтуынша, кибершабуыл қазір де жалғасып жатқан болуы мүмкін, оның көлемін билік әлі анықтай алмаған. Комитет өкілі де Ақ үйді шара қолдануға үндеді.

АҚШ-тағы президент сайлауында жеңген Джо Байден қаңтар айында қызметіне кіріскеннен кейін "кибершабуылдар үшін" Ресейді жазалау амалдарын қарастырады. Байден әкімшілігінің жетекшісі қызметіне тағайындалатын Рон Клайнның сөзінше, мәселе "шетелден шабуыл жасау мүмкіндігін азайтатын шаралар" жайында болып отыр. Клайн АҚШ-қа жасалған кибершабуылдардың көлемі мен мақсаты туралы көп ақпарат қажеттігін атап өткен.

Кремль кибершабуылдарға қатысы жоғын айтып келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары