Угандада Альберт көліне қайық аударылып, салдарынан 30 адам суға батып кеткен, деп хабарлайды ТАСС.
Бұл оқиға 22 желтоқсан күні кешке, балықшылар балық аулап, жағалауға шығуға дайындала берген сәтте болған.
Сол сәтте қайықта 47 адам болған. Олардың арасында 30 адам көз жұмды. 12 адам құтқарылды, ал қалғандары із-түзсіз жоғалып кетті.