$ 494.87  520.65  4.91

Кабулда жойқын жарылыс болды

Қанды оқиғаға қатысты жауапкершілікті әзірге ешбір террорлық ұйым өз мойнына алған жоқ.

Оқиғадан 3 адам мерт болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың бірі – қарулы күштерінің өкілі. Тағы бір адам ауыр жарақат алды. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, жолда тұрған авто көлік жарылып, күлі көкке ұшқан. Қанды оқиғаға қатысты жауапкершілікті әзірге ешбір террорлық ұйым өз мойнына алған жоқ.

Естеріңізге салайық, соңғы бір ай ішінде аймақта мұндай жарылыстар көбейіп кетті. Қылмыстың басым бөлігін аймақтағы атышулы Ирак және Левант террорлық тобы ұйымдастырған. 

«Тәртіп сақшылары қайғылы оқиға орын алған жерді қоршауға алды. Өтте қатты жарылыс болды. Бірнеше адам қаза тапқан. Жанған көлікті өрт сөндірушілер өшірді», - деді куәгер Несара Ахмада.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары