Иорданияның Мемлекеттік қауіпсіздік соты 2019 жылы Джараш қаласында шетелдік туристер тобына шабуыл жасаған экстремисті өлім жазасына кесті.
Бұл туралы ТАСС Иорданияның Al Ra'i газетіне сілтеме жасап хабарлады.
Сонымен қатар сот осы іс бойынша екінші айыпталушыны өмір бойына бас бостандығынан айыруға, ал Джараштағы террористік актіге қатысы бар тағы бір адамды жеті жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.
Еске салсақ, 2019 жылдың қараша айында пышақпен қаруланған адам Джарашта экскурсия кезінде шетелдіктер тобына және аудармашы гидке шабуыл жасады. Көмекке келген полиция қызметкері және тағы бірнеше адам жараланды. Сегіз адам зардап шеккен.
Дереккөз: 24kz