Әлем 21.01.2021 сағат 08:04

Дональд Трамп 73 адамға рақымшылық жасады

2016 жылы Дональд Трамптың сайлау науқанын басқарған, кейін кеңесшісі болған Стив Беннон сыбайластарымен бірге Мексикамен шекарада дуал салуға жанашырлық жәрдем ретінде берілген миллиондаған долларды жымқырғаны үшін жазаға тартылған еді.
Дональд Трамп 73 адамға рақымшылық жасады
фото: pixabay.com
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

 Президенттік мерзімінің соңында Дональд Трамп абақтыда жазасын өтеп жүрген 73 адамға рақымшылық жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

 Арасында президенттің бұрынғы кеңесшісі және Детройт қаласының бұрынғы мэрі бар. 2016 жылы Дональд Трамптың сайлау науқанын басқарған, кейін кеңесшісі болған Стив Беннон сыбайластарымен бірге Мексикамен шекарада дуал салуға жанашырлық жәрдем ретінде берілген миллиондаған долларды жымқырғаны үшін жазаға тартылған еді. 

Жемқорлықпен ұсталған Детройттың бұрынғы мэрі Кваме Килпатрик 2013 жылы 28 жылға сотталған. Дональд Трамп тағы 70 адамға өтеп жатқан жазасын жеңілдетті. 

The New York Times басылымының мәліметінше, АҚШ президенті өзіне де рақымшылық жариялау мүмкіндігін кеңесшілерімен талқылаған көрінеді. Әлі бірде-бір АҚШ президенті осындай қадамға бармаған. Сондықтан сарапшылар бұл шараның заңдылығына күмән білдіріп отыр.
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар