Еуропалық Кеңестің басшысы Шарль Мишель COVID-19 вакцинациясы туралы бірыңғай сертификат енгізілетін хабарлады.
Алдымен бұл тек медициналық құжат болады. «Келесі кезеңдерде бұл сертификаттарды өзгеде мақсаттарда қолдану мүмкіндігін қарастыратын боламыз», - деп толықтырды Еуропалық Кеңес басшысы.
Қолда бар коронавирусқа қарсы вакциналар Оңтүстік Африкада табылған вирустың жаңа мутациясына қарсы тиімділігі төмен, деп санайды иммунолог, Франция үкіметі жанындағы COVID-19 ғылыми кеңесінің жетекшісі Жан-Франсуа Дельфресси. Ғалымның пікірінше, вирустың жаңа штамдарының Францияға енуі бүкіл елде жаңа локдаундардың енгізілуіне себеп болады.
Израиль билігі 31 қаңтарға дейін барлық әуе қатынастарын тоқтатты. Тель-Авивтегі Бен Гурион халықаралық әуежайы бір аптаға толығымен жабылды. Билік бұл шара SARS-CoV-2 вирусының жаңа штамдарының елге енуіне жол бермейді деп үміттенеді.
Швеция, Норвегияда коронавирустың «британдық штаммының» таралуына байланысты арадағы шекараны жауып тастады. Швецияның ішкі істер министрі Микаэль Дамбергтің айтуынша, шешім кем дегенде 14 ақпанға дейін күшінде болады.
Ұлыбританияда соңғы тәулікте рекордтық 491 970 адам коронавирусқа қарсы екпе алды. Мемлекетте екпе алған адамдардың жалпы саны 6,3 миллионнан асты. Өткен аптада COVID-19-дың 251 мыңнан астам жаңа жағдайы тіркелді, бұл бір апта бұрынғыға көрсеткіштен 22 пайызға аз.
Берлиндегі Гумбольдт клиникасында коронавирустың «британдық штаммымен» 20 адамның жұқтырылуына байланысты 1 500-ге жуық дәрігер, медбикелер және басқа да медициналық және әкімшілік қызметкерлер карантинге жіберілді. Сонымен қатар, клиниканың 400-ге жуық пациенті оқшауланған.