Америкалық сенатор Берни Сандерс қолғабының арқасында бір аптадан аз уақыт ішінде шамамен 2 миллион доллар тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Саясаткер Джо Байденді ұлықтау рәсімінде өзге қонақтардан сырт киімімен ерекшеленген. Ал салтанатты шарада тоқылған қолғап киіп отырған суреті тіптен желіні шулатып, ол мем кейіпкеріне айналды. Сөйтіп сенатордың суреті бейнеленген киімдер мен кәдесыйлар сатылымға шығарылып, үлкен сұранысқа ие болды. Ол бүкіл ақшаны қайырымдылық қорларына аударатынын айтты.
Айта кеткен жөн, Берни Сандерс 2020 және 2016 жылғы президенттік сайлауға қатысуға ниет білдірген. Алайда екеуінде де кейіннен өз кандидатурасын алып тастаған.
«Мен 2016 жылы да, былтыр да Берни Сандерс бейнеленген қуыршақтарды тоқыған едім. Ұлықтау рәсіміндегі суреті мемге айналғанда, қайтадан шабытым ашылды. Сөйтіп Сандерс қуыршағы аукционда 40 мың долларға сатылды. Бұл ақша қайырымдылыққа жұмсалады», - Техас штатының тұрғыны Тоби Кинг.