$ 494.87  520.65  4.91

Ресейде шеруге шыққандар ұсталып, қылмыстық іс қозғалған

Ешқандай ұрыс-керіс немесе қақтығыс болмаған.

31 қаңтар Ресейдің бірқатар қаласында Алексей Навальныйды қолдау үшін митингілер мен рұқсат етілмеген наразылық акциялары өтіп жатыр, деп хабарлады nege.kz.

Хабаровск пен Владивостокта келісілмеген наразылық акциялары өтті.

Полиция наразылыққа шыққандарды ұстады. Ешқандай ұрыс-керіс немесе қақтығыс болмаған. 

Кеше Самара облысында 23 қаңтардағы келісілмеген митингіден кейін қылмыстық іс жүргізу басталды. Sotavision басылымының журналисі Екатерина Ищенко ұсталды. Артынша ол босатылғаны хабарланды. 

Сондай-ақ, "Новая газета" мен "Дальневосточный ведомости" газетінің журналисі Валерия Федоренко да құрықталған еді. Бірақ ол көп ұзамай босатылды. 

23 қаңтарда Ресейдің қалаларында осындай келісілмеген митингтер өтті. Нәтижесінде заңсыз шеруге шыққандар ұсталып, қылмыстық іс қозғалған. 

Оған қоса, бүгін екі ер адам Мәскеудегі Чистые Пруды метро станциясының маңында ұсталды.

Олар полицияға ешқандай қарсылық көрсетпеді. Ер адамдардың бірі жеке заттарын тексергеннен кейін ұсталды. Ұстаулар әлі де жалғасуда.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары