Қырғызстанның экс-президенті Сооронбай Жээнбековтың адвокаты - Жыргалбек Бабаев бұрынғы мемлекет басшысының Қырғызстан шекарасынан шығып кеткені туралы ақпаратқа түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бүгін 24kg ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып, Жээнбеков отбасымен бір күн бұрын елден кеткенін хабарлады.
Адвокаттың айтуынша, бұрынғы президент жарымен бірге Ыстамбұлға ұшып, одан ары Сауд Арабиясына барады.
"Сооронбай Жээнбеков Меккеге кіші қажылыққа кетті. Экс-президент бұл сапарды Сауд Арабия королінің шақыруымен жасайды және оны 2020 жылдың қарашасынан бастап жоспарлаған. Пандемияға байланысты қажылар үшін кіру шектелді, сондықтан ресми шақыру қажет болды. Шақыру 2021 жылдың ақпан айының басында келді", - деді Бабаев Tengrinews.kz тілшісіне.
Кіші қажылық 10 күннен аса уақытқа жалғасатыны, содан кейін Жээнбеков Бішкекке оралатыны хабарланды.
Еске салайық, бұған дейін Қырғызстанның экс-президенті Сооронбай Жээнбеков Бішкек қалалық сотына бұрынғы премьер-министр Дүйшенбек Зилалиевтің ісі бойынша жауап алуға шақырылған болатын.
Тыңдау ертең, 3 ақпанда өтеді.