$ 448.15  483.46  4.86

АҚШ-та трансгендер вице-министр болып тағайындалды

Ол медицина ғылымдарының профессоры, балалар мен жасөспірімдер ауруларының маманы.

Джо Байден АҚШ денсаулық сақтау министрлігі басшысының орынбасары лауазымына 62 жастағы трансгендер Рейчел Левинді тағайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Рейчел Левин – медицина ғылымдарының профессоры, балалар мен жасөспірімдер ауруларының маманы. Жергілікті америкалық ақпарат көздерінің мәліметінше, Левиннің ата-анасы оны туған кезде Ричард деп атады. Алайда ол 2000 жылдардың басында Рейчел деген есімге ауыстырады.

Ричард Левин қырық жастан асқан соң жынысын өзгерту туралы шешім қабылдаған. Ең қызығы, сол уақытта ол үйленіп, екі баланың әкесі болған. Кейін ол ажырасып, балаларын бұрынғы әйеліне қалдырады.

Осылайша, Рейчел Левин АҚШ сенатында федералды лауазымға тағайындалған алғашқы трансгендер болып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары