Әлем 11.02.2021 сағат 22:19

Лукашенко қандай жағдайда биліктен кететінін айтты

Президенттік өкілеттіктер түбегейлі қайта бөлінеді.
Лукашенко қандай жағдайда биліктен кететінін айтты
фото: zakon.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Беларусь президенті Александр Лукашенко қандай жағдайда биліктен кететінін айтты, деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.

Александр Лукашенконың басты талабы - елде бейбітшілік пен тәртіпті орнату, наразылықтардың болмауы және заң аясында өз пікірін білдіру.

"Бұл басты шарт. Екінші шарт: егер билікке бөтен біреулер келсе және олардың көзқарастары басқаша болса,  қазіргі президенттің жақтастарының бір тал шашы да түспейтінін екінші қағида ретінде жазамыз", - деді ол Белорусь халық жиналысына.

Лукашенко өз сөзінде елді "қолынан келгенде жасап шыққанын" және "билікті жайдан-жай бере салмайтынын" атап өтті.

Беларусь президенті бүгінде оның "күтпеген жерден көптеген қолдаушылары" бар екенін және бұл тек қауіпсіздік күштері ғана емес екенін айтты.

"Бұл тек әскери қызметтегі адамдар ғана емес, олар бәріне жеген нандарын өтеп жүргендерін көрсетті", - деді президент.

Лукашенко республиканың жаңа конституциясының жобасы биыл дайындалып, 2022 жылдың басында құжат жалпыхалықтық референдумға шығарылады деп уәде берді. Президенттік өкілеттіктер түбегейлі қайта бөлінеді, деп атап өтті ол.

Айта кетейік, 11 ақпанда VI Бүкілресейлік халық жиналысы өз жұмысын бастады. Оған 2,7 мыңға жуық адам қатысады, оның ішінде 300 шетелдік қонақ болады. Қатысушылар еліміздің 2016-2020 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын іске асыру қорытындысын шығарады, сондай-ақ, келесі бес жылға жоспарлар белгілейді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар