Әлем 13.02.2021 сағат 12:27

Ким Чен Ын елдің экономикалық сәтсіздіктері үшін шенеуніктерді кінәлады

Шикізаттың жетіспеушілігінен зауыттардағы өндіріс 2011 жылы Ким билікке келгеннен бастап ең төменгі деңгейге дейін төмендеді.
Ким Чен Ын елдің экономикалық сәтсіздіктері үшін шенеуніктерді кінәлады
фото: pixabay. com
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын елдің экономикалық сәтсіздіктері үшін шенеуніктерді айыптады. Ким Чен Ын экономикалық даму бойынша жоғары шенді шенеунік Ким Ту Ирді жұмыстан шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews. kz Сhron дерегіне сілтеме жасап.

Кореяның орталық телеграф агенттігінің (KCNA) мәліметінше, Ким Ту Ир бір ай бұрын қызметке тағайындалған. Ким Чен Ын шенеунік экономиканың құлдырауында тұрған елді құтқару үшін жаңа идеяларды ұсына алмағанын мәлімдеді.

Кездесу барысында Ким министрлер кабинеті экономиканы басқаратын негізгі мекеме ролін атқара алмайтынын айтты, олар "инновациялық көзқарас пен нақты тактиканы" көрсетпей, мүмкін емес жоспарлар жасап жатқандығын атап өтті.

"Министрлер Кабинеті негізгі экономикалық аймақтардың жоспарларын құруда жетекші роль атқара алмады және министрліктер дайындаған сандарды механикалық түрде біріктірді", - деді ол.

Оңтүстік Кореяның ұлттық барлау агенттігінің мәліметінше, шекаралардың жабылуы Солтүстік Кореяның экономикасын қолдаудың негізгі көзі болып саналатын Қытаймен сауда көлемінің алғашқы 10 айда 75 пайызға төмендеуіне әкелді. Сондай-ақ, шикізаттың жетіспеушілігінен зауыттардағы өндіріс 2011 жылы Ким билікке келгеннен бастап ең төменгі деңгейге дейін төмендеді, ал қант сияқты импорттық өнімдердің бағасы төрт есе өскен.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар