$ 448.15  483.46  4.86

Илон Маск қайтадан әлем бойынша миллиардерлер тізімінде көш бастады

Джефф Безостың есебінде - 194,2 миллиард доллар.
Фото: Reuters
Фото: Reuters

Жақында Amazon негізін қалаушы Джефф Безосқа әлемдегі ең бай адам атағына жол берген SpaceX және Tesla компанияларының басшысы Илон Маск тағы да миллиардерлер тізімін басқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Bloomberg агенттігінің мәліметінше, SpaceX бағалы қағаздарын орналастырудың тағы бір раундынан кейін Масктың байлығы 199,9 миллиард доллар болды. Джефф Безостың есебінде - 194,2 миллиард доллар.

Безос 2017 жылдан бастап 2021 жылдың 7 қаңтарына дейін әлемдегі ең бай адам болып саналды.

Осы аптада Amazon негізін қалаушы Tesla акциясының құны төмендегеннен кейін рейтингтің бірінші қатарына оралған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары