19.02.2021, 11:20

Apple 6G байланысын әзірлейтін мамандарды іздеп жатыр

Фото: ашық дереккөз
Компания бос жұмыс орындары туралы хабарламасында Кремний алқабындағы және Сан-Диегодағы Apple кеңселеріндегі лауазымдарды көрсеткен.

Америкалық Apple корпорациясы 6G байланысын әзірлеу үшін мамандарды іздеп жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Компания осы аптада қазіргі және жаңа буын желілері үшін сымсыз жүйелерді зерттеуші инженерлерді іздеу туралы хабарландыру жариялады", - деп жазады Блумберг агенттігі.

Компания бос жұмыс орындары туралы хабарламасында Кремний алқабындағы және Сан-Диегодағы Apple кеңселеріндегі лауазымдарды көрсеткен. Онда компания сымсыз технологиялар мен чиптерді әзірлеп жатыр. Сондай-ақ хабарландыруда 6G саласындағы әзірлемелер туралы жазылған.

1976 жылы құрылған Apple жеке және планшет компьютерлер, аудио ойнатқыштар, телефондар, смарт-сағаттар және бағдарламалық жасақтама шығарумен айналысады. 2020 жылдың қазан айында компания 5G мобильді желісін қолдайтын iPhone смартфондарын ұсынды.

Тегтер: Apple