Сириядан Түркияға заңсыз өтпек болған Қазақстан азаматы ұсталды, деп хабарлады Hurriyet басылымы.
Түркияның қауіпсіздік күштері Сирия шекарасына жақын орналасқан Килис провинциясында Қазақстан азаматын қамауға алды. Ақпаратқа сәйкес, ол – "қызыл" деңгейде іздеуде болған ДАИШ* мүшесі.
Түркия іздеуде жүрген адамдарды бес санатқа бөледі. Ал ұсталған қазақстандық ең жоғары деңгейде іздеуде болған.
С.А. есімді Қазақстан азаматы Сирия-Түркия шекарасын кесіп өтіп, Түркияға заңсыз кірмек болған.
Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі бұл туралы тек ҰҚК ақпарат беретінін айтты. Комитет оқиғаның мән-жайын анықтап, хабарлауға уәде берді.