Әлем 22.02.2021 сағат 07:20

Нигерияда әскери ұшақ апатқа ұшырап, 7 адам қаза тапты

Нигерия Авиация министрі Хади Сириктің айтуынша, ұшақтың екі қозғалтқышының бірі істен шыққан.
Нигерияда әскери ұшақ апатқа ұшырап, 7 адам қаза тапты
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

21 ақпанда Нигерия астанасы Абуджи қаласының әуежайы маңында барлаушы ұшақ апатқа ұшырап, 7 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC агенттігіне сілтеме жасап.

«Өкінішке орай бортта болған барлық 7 әскери қызметші қаза тапты», - делінген Нигерия әскери-әуе күштерінің Twitter парақшасында жарияланған ақпаратта.

Бұған дейін, Nigerian Tribune газеті алты адамның қаза тапқандығын хабарлаған болатын.

Нигерия Әскери-әуе күштерінің Beechcraft King Air 350-i турбиналы-винтті екі қозғалтқышты ұшағы Абуджи халықаралық әуежайынан ұшып шыққан кезде апатқа ұшыраған болатын. Ұшақ Нигер штатындағы Минна қаласына бет алған еді. Нигерия Авиация министрі Хади Сириктің айтуынша, ұшақтың екі қозғалтқышының бірі істен шыққан.

Нигерияның Vanguard газеті оқиға куәгерлерінің сөзін келтіреді. Куәгерлердің айтуынша, ұшқыш ұшақты тұрғын үй алаптарынан бұрып әкетіп, жазық далаға құлаған және толықтай жанып кеткен.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар