24.02.2021, 13:00

Журналист ана тілін құрметтемейтін балаларды жазалауды ұсынды

фото: pixabay.com
Ол Тіл саясаты туралы заңға өзгеріс енгізіп, жазаны қатаңдату қажет деп санайды.

Украиналық журналист Остап Дроздов билікті ел тұрғындарын, әсіресе балаларды ана тілін құрметтемегені үшін жазалауды ұсынды. Бұл туралы  Nur.kz РИА Новости дерегіне сілтеме жасап хабарлады. 

4 арнаның эфирінде Дроздов шенеуніктер, мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен халықтың өзге де санаттағы өкілдері көпшілік алдында "украин тілін ұнатпайтынын" байқата алмай жүргеніні айтады. 

Ол сонымен қатар "кейбір жасөспірімдер ана тілін қорлап, балағат сөздер айтып жатса да, ешқандай шара қабылданбай жатқанына" ренішін білдірген. 

Журналист балаларға қатысты бұл тұрғыда шара қолдануды ұсынды. Дроздов украин тілін құрметтемегені үшін жазалауды көздейтін Тіл саясаты туралы заңға өзгеріс енгізіп, жазаны қатаңдату қажет деп санайды.