Әлем 24.02.2021 сағат 15:00

«Капитолийге шабуыл алдын ала ұйымдастырылған» – АҚШ қауіпсіздік қызметі

Капитолий полициясының бұрынғы басшысы Стивен Сундтың сөзіне қарағанда, шабуылдаушылар өздерімен бірге арнайы құрал: альпинистік жабдықтар, химиялық спрей, жарылғыш зат әкелген.
«Капитолийге шабуыл алдын ала ұйымдастырылған» –   АҚШ қауіпсіздік қызметі
Фото: capital.ua
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

6 қаңтардағы Капитолийге шабуыл алдын ала ұйымдастырылған болуы мүмкін. Сейсенбі күні конгрестегі тыңдау кезінде полиция басшылары мен АҚШ парламентінің қауіпсіздігіне жауапты мамандар осылай деп мәлімдеді, деп жазады Азаттық

Капитолий полициясының бұрынғы басшысы Стивен Сундтың сөзіне қарағанда, шабуылдаушылар өздерімен бірге арнайы құрал: альпинистік жабдықтар, химиялық спрей, жарылғыш зат әкелген.

"Қоршау периметрінен алыс аумақта қолдан жасалған екі бомба жарылды, бұл Капитолий ғимаратындағы полицейлердің назарын аударту үшін жасалған амал" деді Сунд.

"Федералдық барлау қызметі жүргізген тергеудің алдын ала дерегі шабуылға Oath Keepers және Proud Boys атты оңшыл экстремистік топтардың қатысы барын көрсетеді" деді сенаттың ішкі қауіпсіздік мәселелері жөніндегі комитет төрағасы Гэри Питерс.

Дегенмен конгресс қауіпсіздігіне жауапты қызмет жетекшілері федералдық барлау қызметінен шабуыл жайлы ескерту алмағанын атап айтты.

"Барлау деректеріне қарап, біз шабуыл ықтималдығы артып, Капитолийге қарулы адамдар келуі мүмкін деп топшыладық. Бірақ ол ақпарат [6 қаңтар күнгідей] ірі ауқымда болады деп болжауға мүмкіндік бермеді" деді Стивен Сунд.

2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі терактіден бері Америка арнайы қызметінің ең ірі сәтсіздігі деп бағаланған оқиғаның себебін анықтау мақсатында конгресте алғашқы тыңдау өтіп отыр.

6 қаңтарда президент Дональд Трамп қатысқан Ақ үй алдындағы митингіден кейін жүздеген адам конгрестің ғимаратына басып кіріп, заң шығарушыларға Джо Байден жеңімпаз деп танылған президент сайлауының нәтижесін бекітуге кедергі жасады. Бірнеше күннен кейін Дональд Трампты өкілдер палатасы "тәртіпсіздікке итермеледі" деп айыптап, импичмент жариялаған, алайда сенат Трампты ақтап шықты.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар