АҚШ-тың Оклахома штатының тұрғыны үш адамды өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Lenta.ru.
Тергеу мәліметтері бойынша, 9 ақпанда Лоуренс Пол Андерсон өзінің 41 жастағы көршісі Андреа Линн Бланкеншипті оның үйінде пышақтап өлтірген. Осыдан кейін ол көршісінің жүрегін кесіп алып, үйіне апарған. Андерсон өз отбасы мүшелерін тамақтандыру үшін адам ағзасын картоппен қосып пісірген.
Осылайша ол туыстарынан «жындарды қуып шығарғысы» келген. Ер адам өз қылмысын толық мойындады.
Кісі өлтіруші өзінің 67 жастағы ағасы Леон Пайды және оның төрт жасар немересі Каеос Йейтсті өлтірді деген күдікке ілінді. Сонымен қатар Делси есімді туысқан әпкесін өлтіруге тырысқан. Ол дер кезінде полиция шақырып үлгерген.
Айта кетерлігі, биыл қаңтарда Андерсон түрмеден мерзімінен бұрын босатылды. Бұған дейін ол қызға шабуыл жасағаны және есірткі сатқаны үшін екі рет түрмеде болған.
Енді америкалық қаскөй өлім жазасына кесілді.