$ 443.85  474.3  4.8

Жапондар Жазғы олимпияданы өткізбеуді өтінді

Наразылық танытушылар қазір елде вирус өршіп тұрғанда Олимпиада өткізу ақылға қонбайды деп отыр.

Жапония астанасында бірнеше адам көшеге шығып, биліктен жазғы Олимпиада ойындарын өткізбеуді сұрады, деп хабарлайды Baq.kz.

Шерушілер Олипмпиада ойындары ашылатын Ұлттық стадионнан бастап шаһардың басты көшелерімен жүріп өтті.

Наразылық танытушылар қазір елде вирус өршіп тұрғанда Олимпиада өткізу ақылға қонбайды деп отыр. Себебі ауқымды шара індеттің жаңа толқынын туғызады дейді. Бұқаралық ақпарат құралдарының жүргізген соңғы сауалнамасына қарағанда жапондықтардың 60 проценті спорттық ойындарды өткізуге қарсылық білдірген.

"Жапонияда індеттің таралуы бәсеңдемей тұр. Оның үстіне елде ПТР тест тиісті деңгейде өткізіліп жатқан жоқ. Сондықтан биліктің қазіргі жағдайда жазғы Олимпиада ойындарын өткіземіз деуі ақылға қонбайды", - дейді шеруге қатысушы Йоко Катаока есімді азамат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары