$ 444.22  476.38  4.82

Танымал рэперді атып кетті

Әртісті неге атқаны да белгісіз.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Белгісіз біреулер америкалық рэпер Chucky Trill-ді атып кетті, - деп хабарлайды ABC.

Chucky Trill лақап атымен танылған 33 жастағы Кори Детиджге белгісіз біреулер Джорджия штатының тасжолында рэпердің көлігінің ішінде оқ атқан.

Полиция мәліметінше, атқан адам табылған жоқ. Әртісті неге атқаны да белгісіз. Ведомство хабарына қарағанда, осы оқиғадан бір сағат бұрын дәл сол тасжолда тағы бір атыс болған. 

Басылым мәліметіне сүйенсек, оқ тигеннен кейін музыкант бірнеше сағат тірі болған. Ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін құтқара алмаған.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#атыс #рэпер