$ 494.87  520.65  4.91

Күйеуі бар 25 жастағы келіншек «еркек» болып шықты

Дәрігерлер Пинпиннің жатыр мен аналық бездері жоқ екенін және оның жыныс мүшелері дамымай қалғанын анықтады.

Қытайдың Чжэцзян провинциясында тұратын отбасылы әйелдің аяқ-асты ер адам екені анықталған. Ол жалпы нормаларға сәйкес келмейтін еркек пен әйелге тән емес жыныстық белгілерге ие, деп хабарлайды Stan.kz Global Times-ке сілтеме беріп. 

25 жастағы Пинпин өмір бойы өзін әйел деп санап,  2020 жылы үйленген. Алайда, әйелде ешқашан еттеккір болмаған және үйлену тойынан кейін бала көтере алмаған.

Жақында қытайлық әйел тобығын шығарып алған, содан кейін ол жергілікті ауруханада медициналық тексерістен өткен. Дәрігерлер Пинпиннің жатыр мен аналық бездері жоқ екенін және оның жыныс мүшелері дамымай қалғанын анықтады. Оның еркекке тән Y хромосомасы бар болған, сондықтан генетика тұрғысынан ол ер адам екені анықталған.

Дәрігер оның денесінде еркекке тән жыныс мүшелері жоқ екенін анықтаған. Оның пікірінше, олар жойылып кеткен. Мұқият тексерістен кейін Пинпинге туа біткен ауру диагнозы қойылды, бұл оның ата-анасының туыстық некесінің нәтижесі болуы мүмкін.

Науқасқа қалай өмір сүру керектігін түсіну үшін психиатрға жүгіну ұсынылды.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары