18.03.2021, 22:02

Франция билігі дауыл кезінде тұрғындарға көмектескен қазақстандық отбасыға алғыс айтты

Фото: ашық дереккөз
Табиғи апат салдарынан ел аумағын су басып, мыңдаған тұрғын үй жарықсыз қалып және ондаған адам зардап шекті.

Әлеуметтік желіде Франциядағы дауыл кезінде зардап шеккен адамдарға көмектескен қазақстандық отбасы туралы ақпарат тарады, деп хабарлады Stan.kz.

Францияда қазақстандық отбасының балалары ерлік жасады. Самина, Ангелина және Амин өткен жылы Францияның оңтүстік аумағында орын алған "Алекс" дауылы кезінде тұрғындарға көмектескен. Табиғи апат салдарынан ел аумағын су басып, мыңдаған тұрғын үй жарықсыз қалып және ондаған адам зардап шекті. 

Сол сәтте қазақстандықтар балалар қарттарға азық-түлік пен киім таратып көмектесіп, одан соң зардап шегушілерге волонтер ретінде қолдау танытқан. Апат орнында соңына дейін болып, адамдарға көмектескен қазақстандық отбасының ерлігі жергілікті тұрғындарды бей-жай қалдырмады. Өз кезегінде Франция президенті Эмманюэль Макрон қазақстандықтарға алғысын білдіріп, отбасы мүшелерін жеке тікұшағымен қауіпсіз орынға алып кетті. 

Тегтер: Франция дауыл