19.03.2021, 10:20

Әлем бойынша кинотеатрлар өз залдарын геймерлерге жалға бере бастады

фото: pixabay.com
2021 жылдың басында жаңа қызмет іске қосылғаннан бері ойыншылар залдарды жалға алуға 130-дан аса тапсырыс берген.

Оңтүстік Корея, АҚШ және Ұлыбританиядағы кинотеатрлардың иелері коронавирустық пандемия кезінде қосымша табыс табу жолын тапты. Олар бос тұрған залдарды геймер ойыншыларға жалға беруде, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы @stopcov Telegram каналына сілтеме жасап. 

Кореядағы ірі CGV кинотеатрлар желісі өз залдарын жалпы саны төрт адамнан аспайтын топтарға екі сағатқа жалға беруде. 18:00-ге дейінгі қызмет көрсету - 90 доллар, ал кешкі уақытта - 135 доллар тұрады. Бұл орайда, геймер ойыншылар өздерінің қосалқы ойын аспаптарымен, ойындарымен және геймпадтарымен келеді, деп хабарлады Би-Би-си. CGV сондай-ақ клиенттерге кинотеатр кафесінен тамақ жеткізуді ұйымдастырды.

2021 жылдың басында жаңа қызмет іске қосылғаннан бері ойыншылар залдарды жалға алуға 130-дан аса тапсырыс берген. Көбінесе мұнымен 30-40 жастағы ер адамдар, сондай-ақ ерлі-зайыптылар мен отбасылар айналысады.