Стамбұлда «Бішкек аруы-2012» сұлулық байқауының жеңімпазы Зульфира Еркінбекова қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz.
Бұған дейін Зульфиға аналық бездің 4 сатысы және перитонеальді карциноматоз диагнозы қойылған.
27 жастағы Зульфия күйеуімен бірге Түркияда емделуге келіп, желі қолданушыларынан қолдау сұрады.
Зульфираның інісі Әділет Еркінбеков қырғызстандық газетке берген сұхбатында әпкесінң денсаулығы өткен желтоқсанда екінші рет босанғаннан кейін күрт нашарлағанын айтты. Тексеруден кейін оған қорқынышты диагноз қойылды.
Kp.kg сайтының хабарлауынша, оған операция үшін 20 мың доллар қажет болған. Зульфира Еркінбекованың артында бес жасар қызы мен төрт айлық ұлы қалды.
"Достар! Қиындық сіз күткен жерден шығады, қатерлі ісік ауруы маған да әсер етті. Маған аналық без қатерлі ісігі және перитонеальды қатерлі ісік диагнозы қойылды. Мен өз парақшамда қазіргі уақытта болып жатқан барлық нәрсені егжей-тегжейлі жазамын, жасыратын ештеңесі жоқ. Маған көмектесе алатын, немқұрайлы қарамайтын барлық адамдан көмек сұраймын! Қазіргі уақытта мен күйеуіммен бірге Түркиядамын. Тексеруден кейін маған операция тағайындалды, содан кейін химиотерапия курстары болады. Бұл ұзақ және қиын жол, бірақ басқа амал жоқ! Мүмкіндігінше күресуге, жауап беруге және денсаулығымды қалпына келтіруге көмектесулеріңізді сұраймын! Мен қатерлі дертті жеңдім деп айтқым келеді!", - деп жазды Бішкек аруы бір апта бұрын парақшасында.