$ 447.4  477.55  4.76

Беларусьте наразылық акциясы кезінде 200-ден астам адам ұсталды

Минск пен елдің өзге қалаларында наразылық акциясы 9 тамыздан бері жалғасып жатыр.
Фото: dw.com
Фото: dw.com

Беларусьте билік саясатына қарсы өткен митингте 200-ден астам адам ұсталды, деп хабарлайды qazaqtimes порталы. 

ІІМ баспасөз хатшысы Ольга Чемоданова «полиция тарапынан заңсыз әрекеттерге жол бермеу туралы бірнеше рет ескертулерге қарамастан, азаматтар шеруге қатысты» дейді. Минск пен елдің өзге қалаларында наразылық акциясы 9 тамыздан бері жалғасып жатыр.

Наразылар президент сайлауының нәтижесі бұрмаланды деп есептейді. Орталық сайлау комиссиясы Лукашенконы сайлаудың жеңімпазы деп атаған. Батыс елдері Лукашенконың жеңісін мойындамады, өткен аптада ЕҚЫҰ Минскіні елде халықаралық стандартқа сай қайта президент сайлауын өткізуге шақырған. Еуроодақ Лукашенко мен айналасындағы шенеуніктерге санкция салды.

Сонымен қатар, мұнда тәуелсіз ұйымдарды тінту мен журналистерді қамауға алу жиілеген. 17 ақпанда Беларусьте полиция ондаған журналист пен құқық қорғаушыларға тінту жүргізген болатын. Тінту елдің барлық облыс орталықтарында – Минск, Брест, Гомель және басқа аймақтарда таңертең басталған. Нәтижесінде, белгісіз себептермен екі адам қамауға алынған. Минскіде олар Беларусь журналистер қауымдастығының басшылығына да тінту жүргізді. Кейіннен полиция ұйымның кеңсесіне де барды. Бұл тәуелсіз ұйым 1995 жылы Беларусь журналистерінің ресми Одағына қарсы құрылған.

Гомельде сегіз тәуелсіз журналист пен құқық қорғаушылар, Могилевте екі журналист және «Весна» рталығының екі аймақтық қызметкерін тексерді. Сарапшылар Беларусь билігінің бұл қадамын «сөз бостандығына қайшылық және диктатураның айқын көрінісі» деп санайды. |

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары