Reuters агенттігінің мәліметінше, Тайбэй-Тайтунг бағыты бойынша бара жатқан жүрдек пойыз Хуалянь уезінің солтүстігінде рельстен шығып кеткен. Пойыз көбінесе туристерді тасыған, деп жазады inform.kz.
Пойызда шамамен 350-ге жуық адам болған. Алдыңғы төрт вагондағы 80-100 жолаушы құтқарылды. Басқа вагондарға жету қиын.
Себебі, пойыздың алдыңғы бөлігі туннельдегі жолда қалған. Құтқару жұмысы үздіксіз жүргізіліп жатыр.