$ 494.87  520.65  4.91

Президентке қарсы шыққандарды өмір бойына бас бостандығынан айырды

Алты әскери, оның ішінде, майор, полковник және подполковниктер өмір бойына сотталды.
фото: oinet.kz
фото: oinet.kz

Анкара соты 2016 жылдың шілдесінде ел президенті Режеп Тайып Ердоғанға қарсы шыққан әскерилерді өмір бойына бас бостандығынан айырды,  деп хабарлайды oinet.kz Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

Алты әскери, оның ішінде, майор, полковник және подполковниктер өмір бойына сотталды. Бұл ең қатал жазалау шарасы, мұндай жағдайда бостандыққа шығу мүмкін емес. Тағы 32 адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды. 106 адам 6-16 жыл аралығында әртүрлі мерзімге сотталды.  

Бірнеше айыпталушы 7 сәуірде өткен отырыста 2016 жылдың шілдесінде Анкарадағы мемлекеттік телекомпания TRT штаб-пәтерін басып, жүргізушілерден олардың өтінішін оқып беруді талап еткені үшін айыпталды.

 Судья бұрынғы подполковник Үміт Генчерді конституциялық тәртіпті бұзғаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырды. Экс-майор Федакар Акджа төңкеріс әрекеті жасалған түні күзет полкін басқарғаны үшін ауырлататын өмір бойына бас бостандығынан айырылды.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары