15.04.2021, 11:00

Түркияда Ораза ұстаған футболшылар тамақтануы үшін матчты тоқтатқан

фото: newsroom.kz
Бұл Түркияның бірінші лигасының «Гиресунспор» және «Кечиоренгюжю», Анкара командалары арасындағы матчта болған. Бас төреші ойынды 11-минутқа тоқтатты.

Түркияда төреші қасиетті Рамазан айында ораза ұстаған ойыншылар тамақтануы үшін футбол матчын тоқтатты, деп хабарлайды Newsroom+ 

Бұл Түркияның бірінші лигасының «Гиресунспор» және «Кечиоренгюжю», Анкара командалары арасындағы матчта болған. Бас төреші ойынды 11-минутқа тоқтатты.

Қысқа үзіліс кезінде футболшылар су ішіп, жеңіл тамақ жеді. BeIN Sports-тің Twitter-дегі парақшасында жарияланған бейне төрт миллионнан астам пікір мен 1,5 мыңнан астам коментарий жинады.