$ 449.58  486.94  4.86

«Көшпенділер жері» фильмі «Оскар» жеңіп алды

Хлоя Чжао - «Оскар» тарихында үздік режиссура үшін жүлде алған екінші әйел.
фото:  «Көшпенділер жері» фильмінен
фото: «Көшпенділер жері» фильмінен

Лос-Анджелес қаласында америкалық киноакадемияның «Оскар» жүлдесі табысталды деп жазды azattyq-ruhy.kz.

Үздік режиссерлік үшін «Оскар» жүлдесі «Көшпенділер жері» фильмі үшін Хлоя Чжаоға бұйырды. Хлоя Чжао - «Оскар» тарихында үздік режиссура үшін жүлде алған Кэтрин Бигелоудан («Дауыл әміршісі», 2009 жыл) кейінгі екінші әйел.

Үздік актер: Энтони Хопкинс («Әке»);

Екінші пландағы үздік актер: Дэниэл Калуя («Иуда және қара мессия»);

Үздік актриса: Фрэнсис Макдорманд («Көшпенділер жері»);

Екінші пландағы үздік актриса: Юн Ё-джон («Минари»);

Шет тіліндегі үздік фильм: «Тағы бір реттен» дат режиссері Томаса Винтерберга;

Үздік сценарий (оригинал): Эмералд Феннел («Үміт сыйлайтын қыз»);

Үздік қысқаметражды фильм: «Бейтаныс екеу»;

Үздік қысқаметражды анимациялық фильм: «Қандай да бір жағдай болса, мен сізді жақсы көрем»;

Адаптацияланған үздік сценарий: «Әке» фильмі, француз жазушысы және драматургі Флориана Зеллера;

Үздік анимациялық фильм: «Жан»;

Үздік қысқаметражды деректі фильм: «Колетт»;

Үздік деректі фильм: «Ұстазым - осьминог».

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары