03.05.2021, 16:45

Қырғыз-тәжік шекарасында зардап шеккендер саны белгілі болды

Фото: Tengrinews.kz
Солтонбекованың сөзінше, оның 99-ы ауруханаларда емделіп жатыр.

Тәжікстанмен шекарадағы қақтығыста зардап шеккен қырғызстандықтар саны 183-ке жетті. Бұл туралы денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ализа Солтонбекова брифинг барысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz 24.kg-ге сілтеме жасап.

"Бүгінде зардап шеккендер саны 183-ке жетті", - деді ол. 

Солтонбекованың сөзінше, оның 99-ы ауруханаларда емделіп жатыр.  

Бұған дейін елдің денсаулық сақтау министрлігі 34 Қырғызстан азаматы қаза тапқанын, оның ішінде, 13 жастағы қыз барын хабарлаған болатын. 

Ал Тәжікстан басылымдары елде 110-нан аса зардап шеккенін, 16 адам қаза тапқанын хабарлады. Алайда бұл әзірге бейресми ақпарат.