Қырғызстанның Бас прокуратурасы Тәжік тарапының әрекеттері әскери агрессия ретінде қарастырылатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды tengrinews.kz.
Ведомство мәліметінше, 29 сәуірде Бәткен облысында 4.40-тан бастап "Тәжікстанның бандиттік құрылымдары мен тұрақты әскерлері Қырғыз Республикасының шекарасына опасыздықпен шабуыл жасаған".
Қырғызстанның бейбіт тұрғындарына қатысты автомат қарулар, минометтер, жауынгерлік тікұшақтар, ауыр бронетехника, артиллериялық есептоптар және басқа да қару-жарақ түрлері БҰҰ-ның 1976 жылғы Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы Жарғысының талаптарын бұзып, сондай-ақ 1991 жылғы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы келісімді, 1991 жылғы Алма-Ата декларациясын, егемендікті, аумақтық тұтастықты сақтау және елдер шекараларының қол сұғылмаушылығы туралы Мәскеу декларациясын бұза отырып қолданылғаны нақтыланған - 1994 жылғы ТМД және 1996 жылғы Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы мемлекетаралық қатынастардың негіздері туралы шарт.
"Тұрақты орналасқан жерлерден алыс жерде шабуылдаушы ауыр қару-жарақты қолдану бұл әскери шабуыл Қырғызстанның егеменді аумағын басып алу мақсатында алдын ала жоспарланғанын және ұйымдастырылғанын көрсетеді. Тәжік тарапы арандатқан ұрыс қимылдарына тұрақты әскерлер, Қарулы жалдамалылар және басқа да бандалық құрамалар қатысты", - делінген Қырғызстан Бас прокуратурасының хабарламасында.
Ведомство бұл қарулы топтардың Қырғызстанның қарусыз бейбіт тұрғындарына мақсатты түрде шабуыл жасағанын мәлімдеді. Осыған байланысты қырғыз тарапы бейбіт тұрғындарды Лейлек және Бәткен аудандарының жекелеген елді мекендерінен эвакуациялау бойынша шаралар қабылдады, содан кейін "Тәжікстанның әскери қызметшілері мен бандалық құрылымдары Тәжікстанның аумағына үй малын, автокөліктерді айдап әкетумен жергілікті халықтың мүлкін тонауды бастаған".
Одан бөлек, ведомство "өздерінің қылмыстық әрекеттерін жасыру мақсатында тұрғын үйлер мен өзге де тоналған инфрақұрылым объектілерін жаппай өртегенін, салдарынан азаматтар мен мемлекетке орасан зор материалдық залал келтірілгенін" атап өтті.
Сонымен қатар, хабарламада Бәткен ауданының "Бас" ("Головной"-еск.) учаскесінде миномет оты мен басқа да әскери қару-жарақты қолдана отырып жасалған қарулы шабуылдың алғашқы сәттерінде осы жерде болған 24 бейбіт азамат қаза тапқаны айтылған.
"Қырғыз Республикасының аумағын басып алуға жол бермеу және бейбіт халықтың өліміне жол бермеу мақсатында Қырғыз Республикасының Қарулы күштері саны жағынан басым жау күштерінің шабуылына тойтарыс беру бойынша шаралар қабылдады", - делінген Қырғызстан Бас прокуратурасының хабарламасында.
Бас прокуратура мәліметінше, қарулы шабуыл жасаудың салдарынан Қырғызстанның 36 азаматы қаза тапты, олардың үшеуі әскери қызметші, қалғаны - бейбіт азаматтар, оның ішінде екі жас бала, республиканың медициналық мекемелеріне жатқызылған 180-нен аса азамат жарақат алды, олардың басым бөлігінің жағдайы өте ауыр, қақтығыс аймағынан 33 мыңнан аса азамат эвакуацияланды.
"Тәжікстан тарапынан әскери агрессияның нәтижесінде 170-тен аса тұрғын үй, медициналық және білім беру мекемелерінің ғимараттары, инфрақұрылым нысандары мен Қырғызстан азаматтарының мүлкі жойылды", - делінген ведомство хабарламасында.
Қырғызстанның шекаралас ауылдарында автомат, ірі калибрлі қарудан гильзалар, фугастар мен миналар, жарылмаған снарядтар мен авиациялық зымырандар, Тәжікстан Қарулы Күштері салған траншеялар және басқа да құралдар табылған.
Ведомство өкілдері Тәжікстанның әскери қызметшілері жаралыларды тасымалдайтын жедел жәрдем көліктеріне шабуыл жасағанын айтты.
Шекарадағы қақтығыс: Тәжікстанда қанша адам қаза тапқаны туралы мәлімет пайда болды
Қырғыз Республикасының Қарулы күштері мен азаматтық тұлғалары Тәжікстан Республикасының аумағында орналасқан елді мекендер мен басқа да объектілерге шабуыл жасамаған.
Қырғызстанның Бас прокуратурасы Қылмыстық кодекстің "Бейбітшілікке қарсы қылмыс" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, заттай дәлелдемелер мен бейнежазбалар алынды, фото-және бейнетіркеу жүргізілді.