11.05.2021, 04:52

Дәрігерлердің қателігінен бойжеткен вакцинаның бірден 6 дозасын алған

Медициналық қателіктен кейін бойжеткен ауруханаға жатқызылып, тәулік бойы бақылауға алынды.

Италияда 23 жастағы студент Pfizer/BioNTech коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның алты дозасын алды. Бұл туралы  10 мамырда Corrieredella Sera газеті хабарлады.

Бойжеткеннің айтуынша, ол жексенбі күні таңертең Масса-Каррара қаласындағы ауруханаға вакцинация жасауға келеді, өзі дәл осы ауруханада тәжірибеден өтіп жатқан.

Вакцина енгізілгеннен кейін медицина қызметкері қателік кеткенін бірден байқап, қызға не болғанын баяндап берген.

"Мен қатты шошып қалдым, өйткені мұндай жағдайларды сипаттайтын еш зерттеу жоқ", - деді ол бас ауруы мен қолындағы ыңғайсыздыққа шағымдана отырып.

Қазіргі уақытта бойжеткен үйінде. Ауруханада ол 24 сағат бойы бақылауда болды. Ол медбикенің үстінен арыз жазбайтынын айтты.

Pfizer препараты әрқайсысы алты дозаға есептелген ампулаларда жеткізіледі. Ал, бойжеткенге толық ампула енгізілген. Кейбір дәрігерлер препараттың артық болуы қажетті әсердің болмауына әкелуі мүмкін деп санайды.

Республиканың Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта елдегі вакцинация циклін шамамен 7,5 млн адам аяқтады (халықтың 12,5%). Барлығы 24 млн доза инъекция жасалды.