13.05.2021, 11:40

Ресейдегі өрт: Қазақстан қара түтінге оранды

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің айтуынша, аймақта ешқандай өрт тіркелмеген.

Тюмень облысындағы өрт салдары Қазақстанға да тиіп жатыр. Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарын қара түтін басты. Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

– Қара түтін Павлодар облысының аумағында Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларында және Баянауыл, Ақтоғай, Железинка аудандарында, сондай-ақ екі шекаралас облыстарда байқалады. Түтіннің пайда болуына Ресей Федерациясының Тюмень облысында 48 мың гектар алқапты жалмаған орман өрті себеп болды, – деп жазды Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Қала тұрғындары түтінге оранған аймақтың бейнежазбасын желіде таратты.

Сондай-ақ, 112 нөміріне 20-ға жуық қоңырау түскен.

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің айтуынша, аймақта ешқандай өрт тіркелмеген.

Еске салсақ, Ресейдің Тюмень облысындағы өрт бірнеше аптадан бері жалғасып келеді.