$ 494.87  520.65  4.91

«Мен Путиннің жобасымын, әрі сарбазымын» - Шешенстан президенті

Естеріңізге сала кетейік, былтыр 2020 жылы Рамзан Кадыров 2024 жылғы президенттік сайлауға Владимир Путин қатысуы тиіс деп пікір білдірген болатын.
фото: yandex.kz
фото: yandex.kz

Шешенстан президенті Рамзан КАДЫРОВ өзін Путиннің жобасы һәм сарбазы екенін айтты. Бұл туралы Gazeta.ru басылымы жазды деп, хабарлайды Мalim.kz сайты.

«Иә, мені Путиннің жобасы десеңіздер болады. Мен оның сарбазымын. Әрбір бұйрығын абыроймен орындаймын. Ең қиын кезде Путин менің халқымды қолдады.Республикамыздың қайта қалыптасуына соның арқасы. Менің дінім осындай басшыға қызмет етуге үндейді»,  - деген Кадыров.

Сондай-ақ, Алланың құлы екенін және халықтың қызметшісімін деді.

«Бүгінгі күні Путиннің орнынын басатын адамның атын айта алмаймын. Ешбір саясаткердің бойынан отанға деген шексіз махаббатты, алысты болжай алатын қырғалықты көре алмадым. Сондықтан біздің президенттің мұрагері туралы әңгіме орынсыз», - деген Шешенстан басшы. 

Естеріңізге сала кетейік, былтыр 2020 жылы Рамзан Кадыров 2024 жылғы президенттік сайлауға Владимир Путин қатысуы тиіс деп пікір білдірген болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары