$ 448.15  483.46  4.86

«Тістерін қағып аламыз!»: Путин қарсыластарына сес көрсетті

Путиннің айтуынша, Совет одағы ыдырағаннан кейін де Ресейді тым үлкен дегендер болған.
фот: ok.ru
фот: ok.ru

Кремль басшысы Владимир ПУТИН Ресей мықты бола бастағанда оның дамуына кедергі келетіндер шыға келеді дейді. Бұл туралы ол президент жанынан құрылған «Победа» комитетінің отырысында айтты деп жазды malim.kz.

«Бәрі бізге тіс батырғысы келеді. Бірақ олар білсін. Тістерін қағып аламыз. Бұл анық. Өйткені қарулы күштеріміз дамып жатыр. Түрлі саясаткерлер Ресей үлкен территорияға лайықсыз деген сөзді айтып қалып жатады. Ресей мықты бола бастағанда оның дамуына кедергі келтіретіндер шыға келеді. Қашанда солай», - деді Владимир Путин.

Путиннің айтуынша, Совет одағы ыдырағаннан кейін де Ресейді тым үлкен дегендер болған. Сондай-ақ, Ресей басшысы ешкіммен соғыспайтынын айтты.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#тіс #Путин