$ 494.87  520.65  4.91

Қытайда жарыс кезінде жиырмадан астам марафоншы қайтыс болды

Марафон басталарда  ауа райы ашық болғанымен, кейін күн күрт суытып, қатты жел тұрып, жауын жауған.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Қытайдың солтүстік-батысында қатты жел мен қалың жаңбыр салдарынан ультрамарафон жарысына 21 қатысушы қайтыс болды. Бұл туралы Қытай басылымдарына сілтеме жасаған халықаралық агенттіктер хабарлады, деп жазады kaz.orda.kz.

Құтқарушылар түні бойы жоғалғандарды іздеумен болды. Температура күрт төмендеп, марафоншылар дабыл қаққанда, ұйымдастырушылар жарысты тоқтатып, жоғалған жүгірушілерді іздей бастады. Оларға көмекке шамамен 1200 адам жіберілген.

Марафон Ганьсу провинциясының Байинь қалалық округына қарасты Цзинтай аумағында өткен. Таулы аймақ арқылы жүгіру марафонына 172 адам тіркелген. Марафон басталарда  ауа райы ашық болғанымен, кейін күн күрт суытып, қатты жел тұрып, жауын жауған.

Жеңіл киінген марафоншылар тоңып, көбінің дене қызуы түсіп кеткен. Бірнеше сағаттан соң 172 қатысушы табылған. Олардың ішінде 21 адам қайтыс болып, сегізі жаралған.

Жергілікті билік оқиғаны тергеу үшін арнайы топ құрғанын мәлімдеді. Құтқарылған адамдардың жағдайы жақсы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары