$ 449.58  486.94  4.86

Пәкістанда екі пойыз соқтығысып, 36 адам қаза тапты

Пойыздардың бірі рельстен шығып кеткен, содан кейін оған екінші жолаушылар пойызы соғысады.

Пәкістандағы теміржолда жантүршігерлік апат болды. Екі пойыз соқтығысып, 36 адам қаза болды. Елуден астамы жарақат алды, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдай Синд провинциясындағы Готка қаласының маңындағы станциялар арасында болды.

Пойыздардың бірі рельстен шығып кеткен, содан кейін оған екінші жолаушылар пойызы соғысады.

БАҚ мәліметінше, зардап шеккендердің саны артуы мүмкін. Кейбір вагондардың мыжылғаны соншалық, құтқарушылар апаттан бірнеше сағат өтсе де де оларды қарап үлгермей жатыр.

Барлығы 14 вагон аударылған. Олардың 8-нен ештеңе қалмады. Құтқару жұмысына жергілікті тұрғындар да қатысып жатыр. Олар қаза тапқандар мен жараланғандарды жақын маңдағы ауруханаларға жеткізуге көмектеседі.

Оқиғаны тергеу басталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары