Tesla және SpaceX компанияларының басшысы америкалық миллиардер Илон Маск Қазақстанға сәлем жолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Видео бизнесмен, блогер Бейбіт Әлібековтің Telegram-арнасында жарияланды.
Илон Маск не осы жылдың соңында, не келесі жылы Қазақстанда Tesla Motors сервисі ашылатынын хабарлады.
"АҚШ-тағы тілшіміз Әнуарбек Иманбаев (Tesla-ның энтузиасті) бізге Tesla Plaid презентациясынан видер жіберді. Илон Маск оған Tesla Motors сервисі Қазақстанда осы жылдың соңында немесе келесі жылы пайда болады деп жауап берді", - деп жазды Бейбіт Әлібеков.